Клуб жаңалықтары

22 June, 12:25

БАУЫРЖАН ЖАРОВ «ШАХТЕР» ӘЙЕЛДЕР КОМАНДАСЫНЫҢ БАС БАПКЕРІ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Бауыржан Қайратұлы Жаров «Шахтер» W әйелдер командасының бас бапкері міндетін атқарушы болып тағайындалды.

Бұған дейін Бауыржан Қайратұлы «Шахтер» футбол клубының әйелдер командасының үйлестірушісі қызметіне тағайындалған болатын. Ол аталған лауазымдағы жұмысын жалғастыра отырып, бас бапкер міндетін атқарушы қызметін қоса атқаратын болады.

Бауыржан Қайратұлына жаңа қызметінде табыс, кәсіби жетістіктер, биік белестер мен «Шахтер» W командасымен бірге жарқын жеңістер тілейміз!

Наверх