«Оқжетпес» — тәжірибелі, легионерлермен күшейтілген команда. Ойын алдында да футболшыларға айттым: қарсыластарың кім болса да маңызды емес, ең бастысы — өз ойынымызға сүйену.
Бірінші таймда тәжірибелі ойыншылар өз деңгейінде өнер көрсетті. Ал екінші таймда алаңға жас футболшылар шықты, олардың мұндай деңгейдегі матчтарда тәжірибесі аз. Соның салдарынан кей сәттерде психологиялық тұрғыда да, физикалық жағынан да әлсіреп, қателіктерге жол бердік.
Есеп 2:2 болған сәтте орындалмаған пенальти де ойынның қорытындысына әсер еткен маңызды психологиялық фактор болды. 2:0 есебі футболшыларға қысым түсіретіні бекер айтылмайды. Бізге осы тұста салқынқандылық, тәжірибе және кәсібилік жетіспеді.
Алға қарай жылжимыз. Жастарымызға сенеміз, ойынды талдап, жұмысты жалғастырамыз.

Шахтёр
Экибастуз
Окжетпес
