— Баршаңызды жеңіспен құттықтаймын! 6:0 есебі ойынның толық көрінісін көрсетпейді. Матч оңай болған жоқ, қарсылас лайықты деңгейде өнер көрсетті. Ойын алдында жігіттерге жеңіл кездесу болмайтынын айтқан болатынмын.
Бірінші таймда екі жақсы гол соға алдық. Қарсыласты зерттеп, олардың қорғаныс сызығының артында бос кеңістік көп болатынын білдік және соны тиімді пайдалануға тырыстық. Жігіттер бұл мүмкіндікті дұрыс пайдаланып, оң нәтижеге жетті.
Екінші таймдағы жылдам гол өз әсерін тигізді — қарсылас концентрациясын жоғалтты. Матчтар арасындағы бір апталық дайындық кезеңін жақсы өткіздік, бұл да нәтижеге ықпал етті.
Жігіттерге кәсібилігі үшін алғыс айтамын. Бірақ мұнымен тоқтап қалуға болмайды — жұмысымызды жалғастырып, алға қарай жылжимыз.

Шахтёр
Экибастуз
