Ұлттық құраманың бас бапкері Бауыржан Сағындық оқу-жаттығу жиынына «Шахтер» клубының бірден алты ойыншысын шақырды. Команда құрамына қақпашылар Никита Килджиев пен Алихан Шайзада, қорғаушылар Жәнібек Жайлаубек пен Мейрлан Балтабаев, сондай-ақ шабуылшылар Дигдар Омаров пен Расул Акимов енді.
Оқу-жаттығу жиыны аяқталғаннан кейін Қазақстанның U-17 құрамасы Данияға аттанып, Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіне қатысады. А лигасының 4-тобында біздің команда Чехия, Австрия және Дания құрамаларымен кездеседі.

Шахтёр
Түркістан
