Шахтер QJ лига

16 April, 14:52

QJ League-2024 чемпионаты қарсаңында бейнеконференция өтті

QJ League-2024 чемпионаты қарсаңында жарысты ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша бейнеконференция өтті. 

QJ League-2024 чемпионаты қарсаңында жарысты ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша бейнеконференция өтті. Чемпионат қатысушыларына Қазақстан футбол федерациясының вице-президенті, QJ League Президенті Рохус Рохусович Шох құттықтау сөз сөйледі. Кездесу барысында жаттықтырушылар мен футболшылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, ұйымдастырушылардан жауаптар алды. Үш күннен кейін QJ League турнирі басталады, оған "Шахтер"ФК-ның 2006-2007 және 2008 жылы туған командалары қатысады! Тәрбиеленушілерімізге әдемі ойын және жарқын жеңістер тілейміз!

Наверх