«Шахтер» U-17 командасы өз алаңында ақтаулық «Каспий» командасын қабылдады. Қарсыластың қақпасына 11 жауапсыз доп соғылды. Бұл матчта «кеншілер» құрамында гол соққандар: Рустам Сайфимилюков (7’, 37’, 52’), Расул Акимов (11’, 29’), Меирлан Балтабаев (33’, 78’), Александр Яковлев (34’, 50’), Кирилл Ермаков (64’) және Дигдар Омаров (72’). Келесі матчты «Шахтер» U-17 командасы 21 қыркүйек күні Павлодарда жергілікті «Ертіс» командасына қарсы өткізеді.