Футбол орталығы

21 September, 12:33

“ЕРТІС” КОМАНДАСЫМЕН ТЕҢ ОЙЫН

Қарағандының «Шахтер» U-17 командасы Павлодар қаласында «Ертіс» U-17 командасымен сырт алаңда кездесу өткізді.

QJ League турнирінің XVIII турында қарағандылық «Шахтер» U-17 Павлодарда жергілікті «Ертіс» U-17 командасымен кездесті. Ойын нәтижесі – 1:1. «Кеншілер» құрамында Меирлан Балтабаев (53`) гол соқты. Игорь Александрович Солошенко жаттықтыратын команда келесі ойынын 28 қыркүйекте өз алаңында елордалық «Астана» командасына қарсы өткізеді. Матч 10:00-де басталады.

Наверх