«Шахтердің» негізгі құрамында Алихан Шайзада, Мейірлан Балтабаев, Жәнібек Жайлаубек, Нұрхан Қағазбаев, Дамир Юсупбеков, Айбатолла Шулаков (к), Артем Алексеев, Данил Литвиненко, Александр Яковлев, Дигдар Омаров және Илья Гезик алаңға шықты.
Есеп 7-минутта ашылды. Александр Яковлевтің айып добынан кейінгі әдемі добын «Ақтөбе» қорғаушысы Алимжан Таженов өз қақпасына бағыттап жіберді.
62-минутта Айбатолла Шулаков Дигдар Омаровтың нәтижелі пасын пайдаланып, есепті 2:0-ге жеткізді.
Ал 68-минутта Александр Яковлев матчтағы соңғы нүктені қойып, «Шахтердің» 3:0 есебіндегі жеңісін бекітті.
Осылайша, «Шахтер» U-18 командасы QJ League чемпионатындағы кезекті сенімді жеңісіне қол жеткізді.

Ақтобе Жас
Шахтёр


