Қазақстан Республикасының Ұлттық құрамасының Еуропа Чемпионаты 2016 іріктеу матчтарына дайындық жүргізу мақсатында Қазақстан Футбол Федерациясы 2014 жылдың 30 тамыздан 10 қыркүйекке дейін оқу-жаттығу жиынын өткізеді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық құрамасына кандидат ретінде «Шахтер» футбол клубының төрт талантты футболшылары шақырылды. Олардың ішінде: Ұлан Қонысбаев, Сергей Малый, Александр Мокин, Мақсат Байжанов.
«Шахтер» ФК баспасөз қызметі