— Бұл матчқа жан-жақты дайындалдық, қарсыластың ойынын мұқият талдадық. Бірінші таймда допқа бақылау жасап, ойын тізгінін өз қолымызда ұстадық. Алайда қарсыластың қарымта шабуылының бірінде гол жіберіп алдық. Үзілістен кейін де өз жоспарымыздан айныған жоқпыз. Ойынды қайта құрып, алаңға екінші шабуылшыны шығардық. Екі шабуылшымен ойнауды алдын ала жоспарлаған едік. Команда мінез көрсетті, жіберіп алған голдан кейін де сағын сындырмай, шабуылды жалғастырып, әдемі әрі сапалы голдар соқты.
Әрине, қарсылас сапындағы ойыншының алаңнан қуылуы да біздің пайдамызға әсер етті. Дегенмен, өз тарапымыздан да қажетсіз доп жоғалтулар көп болды. Соның салдарынан артық күш жұмсауға тура келді. Бұл бағытта әлі де жұмыс істейміз.
Бүгін құрамға өзгерістер енгіздік. Команда тек негізгі он бір ойыншыдан ғана тұрмайды. Сондықтан әр футболшыға өзін көрсетуге және өз мүмкіндігін дәлелдеуге мүмкіндік береміз.
Жанкүйерлерімізге ерекше алғыс айтамын. Олар – біздің он екінші ойыншымыз. Олардың қолдауы бізге қосымша күш пен жігер сыйлайды.
Баршаңызды жеңіспен құттықтаймын! Бұл біз үшін өте маңызды үш ұпай.

Шахтёр
Арыс

