«Шахтёрдің» бастапқы құрамында алаңға Никита Килджиев, Қасымжан Таипов, Александр Мигунов, Дәулет Зейнетдинов, Данила Васильченко, Марк Богачёв, Рафаиль Оспанов, Максим Галкин, Роман Асылбаев, Артем Литош, Рифат Нұрмұғамет (к) шықты.
Алаң иелері есепті 10-минутта ашты. Алайда «Шахтёр» көп ұзамай таразы басын теңестірді. Данила Васильченконың ауттан алыстан лақтырған добынан кейін Қасымжан Таипов баспен Роман Асылбаевқа пас берді, ал ол өз кезегінде қақпашының үстінен асыра дәл соққы жасап, есепті 1:1-ге жеткізді.
21-минутта «Астана» Ж қайтадан алға шықты. Дегенмен қарағандылықтар тағы да есепті теңестіре алды. Васильченконың кезекті қауіпті ауттан шығарған добы бірнеше рикошеттен кейін Рифат Нұрмұғаметке жетіп, команда капитаны мүмкіндігін мүлт жібермеді — 2:2.
Үзіліске дейін екі команда да алға шығуға мүмкіндік алғанымен, бірінші тайм тең есеппен аяқталды.
Екінші таймның басында алаң иелері өз сәттерін тиімді пайдаланып, екі рет гол соқты. Соған қарамастан, «Шахтёр» шабуылды тоқтатпай, қарсылас қақпасына қысым жасауды жалғастырды. 66-минутта Марк Богачёв айып алаңы сыртынан дәл соққы жасап, есеп айырмасын қысқартты.
Матчтың соңына дейін қарағандылықтар шабуылдап, есепті теңестіруге тырысты. Алайда финалдық ысқырық алаң иелерінің 3:2 есебіндегі жеңісін тіркеді.

Шахтёр
Ақтобе Жас
