Жаңалықтары академия

19 July, 16:26

РАФАЭЛЬ ХАМИДУЛЛОВТЫҢ МАТЧТАН КЕЙІНГІ СҰХБАТЫ

Рафаэль Хамидуллов жаттықтыратын команда «Жас Қыранды» 2:0 есебімен жеңді.

— Ең алдымен, «Жас Қыран» командасына алғысымды білдіремін. Бүгін алаңда бір-біріне лайық екі команда кездесті. Матч ымырасыз тартысқа толы болды, жекпе-жектер көп өтті, нағыз футболдық шиеленіс сезілді. Ойын оқиғаларға бай болды. Әдемі комбинациялар мен шабуылдағы құрылымды ойын көп болмағанымен, ең бастысы – нәтижеге қол жеткіздік. Команда тәртіпті ойын көрсетіп, эмоцияға берілген жоқ. «Жас Қыран» командасына алдағы ойындарда сәттілік пен жеңістер тілеймін.

Наверх