Жаңалықтары академия

18 April, 16:39

«ШАХТЕР» U-17 КОМАНДАСЫНЫҢ БАС БАПКЕРІ РАФАЭЛЬ РЕВКАТОВИЧ ХАМИДУЛЛОВТЫҢ МАТЧТАН КЕЙІНГІ СҰХБАТЫ

Ең алдымен баршаңызды QJ League жаңа маусымының басталуымен құттықтағым келеді.

Біз допты көп бақыладық, позициялық шабуылда әрекет еттік. Мұндай ойын барысында қарсыластың қарымта шабуылына жол бермеу маңызды еді, және біз бұл тапсырманы сәтті орындадық. Ойын тізгінін өз қолымызда ұстадық, көптеген қауіпті сәттер жасадық, алайда, өкінішке қарай, олардың барлығын жүзеге асыра алмадық.

Жігіттерге алғыс айтамын, олар берілген тапсырманы орындап, біз сұраған нәрсені жасады.

Маусымдағы мақсаттарымыз ең жоғары: әр ойынға тек жеңіс үшін шығу.

Наверх