Александра үшін бұл жай ғана кезекті оқу-жаттығу жиыны емес, кәсіби дамудағы маңызды кезең.
Александра атап өткендей: «Құрамаға әр шақырту өзімді жан-жақты көрсетуге мүмкіндік береді. Бапкер ауысқан сайын талап та, тәсіл де өзгереді. Басқа футболды көруге, ойыншылардың қалай ойнап, қалай ойлайтынын байқауға, тәжірибе алмасуға болады. Шетелге шыққанда футболдың, ең алдымен, тактикалық тұрғыдан өзгеше екенін түсінесің. Бұл – кәсіби тұрғыда өсіп, дамуға үлкен мүмкіндік».
Қазақстанның WU-19 Ұлттық құрамасына шақырту — ойыншының тұрақты ойыны мен жоғары дайындық деңгейінің дәлелі. Клубта алған халықаралық тәжірибе Александра Набоковаға алдағы уақытта да ілгерілеп, «Шахтердің» табыстарына зор үлес қосуға көмектесетініне сенім білдіреді.
Александраға сәтті өнер көрсетуіне тілектеспіз!

Шахтёр
Түркістан
