X тур аясында қарағандылық «Шахтер» командасы ойынды Жетісайда өткізіп, «Жетісай» командасымен кездесті. Ойын «кеншілердің» жеңісімен аяқталды. «Шахтер» құрамында гол соққандар: Максим Галкин (30') және Арман Нүсіп (67'). Келесі ойынды «Шахтер» 27 маусымда өз алаңында «Академия Оңтүстік» командасымен өткізеді.