Кездесу барысында «кеншілер» шабуылда белсенді ойнап, қарсылас қақпасы маңында бірнеше қауіпті сәттер ұйымдастырды және алаң иелерін көбіне қорғаныста ойнауға мәжбүрледі. Әсіресе Артем Литош шабуыл шебінде белсенділігімен көзге түсіп, «Хан-Тәңірі» қорғанысына жиі қауіп төндірді. Алайда бірінші таймда есеп ашылған жоқ.

Үзілістен кейін «Шахтердің» қысымы өз нәтижесін берді. Ойынның 58-минутында бұрыштамадан асырылған доптан кейін Александр Мигунов баспен дәл соққы жасап, есеп ашты — 1:0.
Голдан кейін де қарағандылықтар шабуылдарын үдетіп, матч тағдырын түбегейлі шешуге ұмтылды. Кездесудің 88-минутында Артем Литош шабуылдың алдыңғы шебінде дер кезінде табылып, допты қарсылас қақпасына тоғытты — 2:0.

Осылайша, «Шахтер» Алматыдан маңызды үш ұпаймен оралып, турнир кестесіндегі жоғары орындар үшін күресін жалғастыруда. Сондай-ақ жарақатынан кейін алаңға қайта оралған қақпашы Игорь Шацкийдің сенімді ойынын ерекше атап өткен жөн. Ол матчты «құрғақ» өткізіп, өз қақпасына гол жіберген жоқ.
Алға, «Шахтер»!

Хан-Тәңірі
Шахтёр

