Футбол орталығы

20 September, 12:31

СЫРТ АЛАҢДА ЖЕҢІЛІС

Қарағандының «Шахтер» U-16 командасы Павлодар қаласында «Ертіс» U-16 командасымен сырт алаңда кездесу өткізді.

QJ League турнирінің XVIII турында қарағандылық «Шахтер» U-16 Павлодарда жергілікті «Ертіс» U-16 командасымен кездесті. Ойын нәтижесі – 1:3. «Кеншілер» құрамында Данил Терентьев (67`) гол соқты. Рафаэль Ревкатович Хамидуллов жаттықтыратын команда келесі ойынын 27 қыркүйекте өз алаңында елордалық «Астана» командасына қарсы өткізеді. Матч 10:00-да басталады.

Наверх