— Тартысты ойын өтті. Алаңда деңгейі тең екі команда кездесті. Күрес те, ауттар да, ұзын пастар да көп болды. Жаттығуда үнемі пысықтап жүрген стандартты жағдайлардың бірінен гол соққанымызға қуаныштымын. Қорғаныста сенімді ойнап, өз қақпамызға гол жібермедік. Гол соққаннан кейін ойынды өз бақылауымызға көбірек алуға болатын еді. Дегенмен жігіттерге психологиялық қысым болды. Оның үстіне, «Тұран» – тәжірибелі команда, олар үлкен күшпен шабуылға шықты. Футболшыларымыздың осы қысымға төтеп беріп, матчты жеңіспен аяқтағанына ризамын. Команда қоржынына тағы үш маңызды ұпай түсті.
Ойыннан кейін жігіттерге күш жинап, қалпына келуі үшін бірнеше күн демалыс береміз.
Осындай кездесулер әрқашан қызықты өтеді. Әрбір бапкер өз командасының жеңіске жеткенін қалайды. Осы сәтті пайдаланып, «Тұран» футбол клубына, Виктор Балютович Кумыковқа, Олег Валерьевич Корниенкоға және Самат Кабирович Смақовқа сәттілік тілегім келеді. Олар – менің әріптестерім. Олардың жұмысын үнемі бақылап, жанкүйер болып жүремін. Барлығына тек табыс тілеймін.
Барлық жанкүйерлерімізді жеңіспен құттықтаймын! «Шахтер» үшін де, бізді қолдап жүрген жанкүйерлер үшін де ерекше қуаныштымын. Матч алдында жігіттерге өз алаңымызда, өз жанкүйерлеріміздің алдында ойнайтынымызды айттым. Олардың қолдауы бізге күш береді. Сондықтан жанкүйерлер жұмыс күнінен кейін стадионға келіп, жақсы демалып, ойыннан жарқын әсер алуы үшін алаңда бар күшімізді салуға міндеттіміз.


Шахтёр
Туран

