Жаңалықтары академия

21 June, 19:11

ШЫМКЕНТТЕГІ ТЕҢ НӘТИЖЕ

QJ League додасының сегізінші турында «Шахтер» U-18 командасы Шымкент қаласында жергілікті «Ордабасы» U-18 командасымен кездесті.

«Кеншілердің» негізгі құрамында Асхат Байжан, Меирлан Балтабаев, Данил Золкин, Жәнібек Жайлаубек, Кирилл Сатжанов, Дамир Юсупбеков, Даниал Амантай, Расул Акимов (К), Александр Яковлев, Дигдар Омаров және Ален Пак алаңға шықты.

Екі команда үшін де бұл матч жүлделі орындар үшін таласта маңызды болды. Дәстүрлі түрде «Шахтер» де, «Ордабасы» да жоғары орындарға таласады. Сондықтан ойын тартысты әрі шиеленісті өтті. Сонымен қатар, Қазақстанның оңтүстігінде орнаған аптап ыстық ауа райы да матч барысына өз әсерін тигізді.

Кездесу тізгінін қонақтар қолға алып, 5-минутта Даниал Амантайдың дәл соққысының арқасында есеп ашты. Алайда үзілістен кейін алаң иелері белсендірек ойнап, 55-минутта таразы басын теңестірді.

Осылайша матч 1:1 есебімен тең аяқталды.

Наверх