Футбол орталығы

19 March, 14:40

БІЗДІҢ ҚЫЗДАР ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМДА!

Қазақстанның WU-17 әйелдер құрамасы Эстония WU-17 құрамасына қарсы Еуро-24/25 іріктеу кезеңінде алғашқы матчын өткізді. WU-17 Қазақстан ұлттық құрамына «Шахтер»  футбол орталығының ойыншылары Ахметжан Данагүл мен Сандер Ксения шақырылды. 

    Матч Белфастта (Солтүстік Ирландия) өтті және 2-2 есебімен тең аяқталды. Данагүл Ахметжан Эстония құрамасының қақпасына 21 минутта соғылған голдың авторы болды, ал Ксения Сандер ойынның 69 минутында ойыншыны ауыстырды. Матчтан кейін Данагүл Ахметжан ойынға комментарий берді: "Біз үшін бұл жай ойын емес, ойыншылардың нағыз шайқасы болды. Біз алаңда әр доп үшін жан аямай күрестік. Команда өзін лайықты көрсетті. Біз керемет ойын көрсетіп, соңғы ысқырыққа дейін шайқастық. Біз күшпен де, рухпен де жеңілмедік! Біздің командаға деген мақтаныш пен сенім сезімін ұялатқан тамаша матч!»

    Ксения Сандер де матчтан алған әсерімен бөлісті: "Лайықты қарсыластармен болған қиын матч. Тең ойын болды. Біздің команда соңғы ысқырыққа дейін аянбады. Менің ойымша, бұл біздің команда үшін сәттілік!»

    Келесі матчты Қазақстан құрамасы WU-17 20 наурызда Солтүстік Ирландия құрамасына қарсы өткізеді. Данагүл мен Ксенияға сәтті ойын көрсетулерін тілейміз!

Наверх