Футбол орталығы

10 August, 12:19

«ШАХТЕР» U-17 КОМАНДАСЫНЫҢ ІРІ ЖЕҢІСІ

QJ лиганың XIV туры аясында «Шахтер» U-17 командасы «Тараз» U-17 командасын 5:0 есебімен жеңді!

«Шахтер» U-17 командасы өз алаңында Тараз қаласының «Тараз» командасын қабылдады. Қарсыластың қақпасына 5 жауапсыз доп соғылды. Бұл матчта «кеншілер» құрамында гол соққандар: Рустам Сайфимилюков (12’, 46’), Меирлан Балтабаев (39’), Жанибек Жайлаубек (60’) және Кирилл Ермаков (83’). Келесі матчты «Шахтер» U-17 командасы 17 тамыз күні Алматыда жергілікті «Кайрат» командасына қарсы өткізеді.

Наверх