— Ойынның оңай болмайтынын түсіндік: «Елімай» Ж қорғанысқа терең шегініп, жинақы ойнады. Біз бұған дайындалдық. Мүмкіндіктер жасадық, допты бақылауда ұстадық, ойын тізгінін өз қолымызда ұстадық, алайда бүгін сәттерді тиімді пайдалана алмадық.
Жеңістер оңай келмейді. Жігіттер әр матчқа барынша дайындалып шығады, ал қарсыластар бізге қарсы ерекше жігермен ойнайды. Ойын алдында командаға жеңіл матч болмайтынын, алаңға толық шоғырланып шығу керектігін айттым.
Алдағы уақытта шабуылдарды сәтті аяқтау бағытында жұмыс істейміз. Әрине, екі-үш доп айырмасымен сенімді жеңіске жеткіміз келеді, бірақ футболда ештеңе оңайлықпен келмейді.
Ең бастысы — жеңіске жеттік. Алға қарай жылжимыз.

Шахтёр
