— Бүгін алаңда екі мықты команда кездесті. Матч тартысты, қауіпті сәттерге толы болды. Екі команда да стандартты жағдайларды сапалы әрі қауіпті орындап, жеңіске жетуге бар күшін салды.
Әрине, тактикалық жоспардың жүз пайыз орындалғанын қалайсың, бірақ футболда ондай жағдай сирек кездеседі. Жалпы алғанда, команда дұрыс бағыттан ауытқыған жоқ және бапкерлік тапсырмаларды орындауға тырысты. Дегенмен, бірінші таймда асығыстық байқалды: шабуылдарды тым жылдам дамытуға ұмтылдық. Алдағы уақытта допты жақсырақ бақылап, шабуылдарды мұқият дайындауымыз керек. Қорытынды есеп — 1:1. Менің ойымша, бұл нәтиже ойын барысына толық сәйкес келеді.


Шахтёр
Жайық

