Жаңалықтары академия

1 August, 17:42

РАФАЭЛЬ ХАМИДУЛЛОВТЫҢ МАТЧТАН КЕЙІНГІ СҰХБАТЫ

QJ League турнирінің 13-туры аясында «Шахтер» U-17 өз алаңында «Ертіс» U-17 командасын 4:0 есебімен сенімді түрде жеңді.

- Ең алдымен, «Ертіс» командасына бүгінгі жақсы ойын үшін алғысымды білдіремін. Біз үшін бұл өте сапалы матч болды. Ойын барысында аумақтық басымдыққа ие болып, допты көбірек бақылауда ұстадық.

Бірінші таймда аздап толқу болды, сондықтан өз мүмкіндіктерімізді толық пайдалана алмадық. Алғашқы голды стандартты жағдайдан соқтық. Үзілісте жігіттермен сөйлесіп, ойынға қажетті түзетулер енгіздік, позициялық әрекеттер мен ашылуларға назар аудардық.

Екінші таймда команда дәл өзіміз қалағандай – белсенді, агрессивті ойын көрсетті. Тағы үш гол соғып, матчты сенімді жеңіспен аяқтадық.

Жігіттерге үлкен алғыс. Әсіресе команданың көрсетіп жүрген ойын сапасы қуантады. Біз үшін әрбір келесі матч – финалмен тең. Әр ойынға тек жеңіс үшін шығамыз. Осындай сапалы футбол көрсетуді жалғастырсақ, жеңістер де міндетті түрде келеді.

 

Наверх