Жаңалықтары академия

29 June, 13:14

ИГОРЬ СОЛОШЕНКОНЫҢ МАТЧТАН КЕЙІНГІ СҰХБАТЫ:

— Қызықты әрі тартысты матч өтті. «Каспий» – өте мықты әрі жақсы ұйымдасқан команда. Қарсылас тактикалық тұрғыдан жан-жақты: әртүрлі ойын үлгілерін қолдана алады және кез келген қарсыласқа бейімделе біледі.

Біздің жігіттер бұл ойынға жақсы дайындалды, бұл алаңдағы ойын сапасынан көрінді. Бірінші таймда матч жоспары бойынша ойлағанымыздың бәрі орындала қойған жоқ. Дегенмен, жалпы ойын бағытын сақтап қалдық. Үзілісте қажетті түзетулер енгіздік, олардың нәтижесі бірден байқалды.

Енді жігіттерді жеңіспен құттықтап, келесі матчқа дайындықты бастаймыз.

«Қайратқа» қарсы ойыннан тек жақсы әсер күтеміз. Екі команданың құрамында да Қазақстанның U-17 құрамасында өнер көрсететін футболшылар көп. Жігіттер бір-бірін жақсы таниды, сондықтан қызықты әрі тартысты кездесу болады деп сенемін. Осы ойыннан кейін өткен кезеңнің аралық қорытындысын жасауға мүмкіндік туады.

Наверх