Клуб жаңалықтары

2 June, 22:48

СЫРТ АЛАҢДАҒЫ ЖЕҢІЛІС

Алматыда қызықты кездесу өтіп, онда жергілікті «Қайрат» пен қарағандылық «Шахтер» кездесті. 

Матчтың  25-минутта «Қайрат» екі доп соғып алда болған. «Шахтер» камбэк жасап, ойынға қайта орала алды. Кеншілер сапында Ашортия дубль жасады. 77-минутта бұрылыс сәті болды, қонақтар қақпасына пенальти белгілеген,  оны алаң иелері сәтті орындады. Кездесу соңына таман «Қайрат» төртінші голды соғу арқылы басымдылығын нығайтты. Кездесу 4:2 есебімен Қайраттың пайдасына шешілді.

Наверх