Қосалқы құрамының жаңалықтары

23 April, 20:16

ШЫҢҒЫС ФЛЮКТІҢ ПОКЕРІ

«Шахтер» жастар командасы павлодарлық «Ақсу» командасын кезекті ірі есеппен жеңіп, өз жанкүйерлерін қуантты. 

Үшінші минутта Руслан Туткышев матчтың есебін ашты, содан кейін команданың үздік бомбардирі Шыңғыс Флюк ойын иелерінің қақпасына төрт рет гол соқты. «Ақсу» ойыншылары тек бір доппен жауап бере алды. Гол соққан - Богданов. Кездесу қорытындысы – «Шахтер М» командасының пайдасына 5:1.

Наверх